Трамп Сирияға бөлінетін 200 миллионды бұғаттады

0
81
Идлибтің оңтүстігі/Сирия/дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияны қалыпқа келтіру үшін бөлінген 200 миллион долларды бұғаттады. Бұл туралы өткен сенбіде The Wall Street Journal газеті Вашингтондағы дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

WSJ таратқан ақпарға сәйкес, Сирияға көмек көрсету мақсатында қаражат бөлінетінін Дональд Трамп БАҚ арқылы білген. Аталған қаражатты «салтанатты» түрде бөлуге АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон коалицияның «Ислам мемлекетімен»* күрес отырысында уәде еткен деп жазады басылым. Еске салсақ, наурыз айының ортасында Трамп Тиллерсонды отставкаға жіберді.

АҚШ Сирия аумағынан жылыстайды?

Бейсенбіде Огайода сөз сөйлеген Трамп «АҚШ жақында Сириядан кетеді» деп мәлімдеді, «Басқалары оның жайын (Сирия -ред) ойласын», деп атап өтті. Бұдан өзге АҚШ басшысы «Ислам мемлекеті»* жақын күндері жойылатынын мәлім етті.

Өз кезегінде Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Трампты әскерін Сирия аумағынан шығармауға шақырды. «АҚШ әскері ұзақ мерзімге болмаса да, орта есепті мерзімде Сирия аумағында қалу керек», – деп мәлімдейді мұрагер ханзада өткен жұмада Time журналына берген сұхбаты барысында. Сириядағы «Ислам мемлекетімен»* күрес коалициясына АҚШ-тың шамамен екі мың жауынгері мен офицері жұмылдырылған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз