Трамп: журналист өлтірілсе, Эр-Риядты қатаң жазалаймын

0
73
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп саудиялық оппозициялық журналист Жамал Хашукжидің жоғалып кетуіне байланысты аталған мәселені қолға алатынын, егер бұл оқиғаның артында Эр-Рияд тұрса, “қатаң жаза” күтіп тұрғанын айтып, сес көрсетті.

CBS телеарнасындағы 60 minutes бағдарламасына берген сұхбаты барысында Трамп Эр-Риядтың бұл жағдайға қатыстары жоқтығын алға тартып отырандығын, бірақ, журналистің із-түзсіз жоғалып кетуіне Эр-Риядтың қатысы болса, “АҚШ-тың бұған бей-жай қарамайтынын” атап өтті. Журналисті өлтіруі мүмкін бе не болмаса, мұндай тапсырманы Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман беруі ықтимал ма деген сұраққа жауап беру барысында Трамп “мәселені түбегейлі зерттейтіндерін”, жағдай дәл осылай болатын болса, Эр-Риядты “қатаң жаза күтіп тұрғанын” алға тартты.

Егер мәселеге Эр-Рияд себепші болатын болса, Трамп Сауд Арабиясына бірқатар шектеу шараларын қолға алатындығын, бірақ, мемлекетке қару-жарақ жеткізуден бас тартпайтындығын, себебі Сауд Арабиясында қару-жарақты жеткізуді қамтамасыз ететін америкалықтарды жұмыссыз қалдырғысы келмейтіндігін атап өтті.

Жамал Хашуджи/ дереккөзден

Washington Post басылымында сарапшы болып жұмыс істейтін және 2017 жылдан бері АҚШ-та тұратын саудиялық журналист Жамал Хашукжи 2 қазанда Стамбұлдағы Сауд Арабиясының Бас елшілігіне кіргеннен кейін, із-түссіз жоғалып кеткен. Саудиялық журналистің қалыңдығының сөзінше, елшілік қызметкерлері Хашукжиді құжаттарды рәсімдеуге шақырып,қалыңдығын ғимарттың ішіне енгізбеген. Бес сағат күткеннен кейін елшілік қызметкерінің бірі төменге түсіп, журналистің қалыңдығына оны күтудің қажеті жоқтығын, журналистің шығып кеткенін мәлімдеген.

Сауд Арабиясы билігінің ақпарына сәйкес, Хашукжи Стамбұлдағы Сауд Арабиясының Бас елшілігінен шыққаннан кейін жоғалып кеткен, Саудия елшілігі Түркия билігімен оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. 15 қазанда түрік полициясы Стамбұлдағы Саудия елшілігінде тінту жұмыстарын жүргізген. Euronews таратқан ақпарға сәйкес, түрік билігі елшілікте журналисті қинап, кейіннен өлтірген деген күдіктің барын жасырмады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз