Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласы (Алепподан 65 шақырым) Әл-Мзейна кентінің алты тұрғыны түрік тарабының шабуылы салдарынан улы снарядтарда қолданылған газдан уланды.
Сириялық SANA агенттігіне жергілікті аурухана директоры Джоан Мұхаммедтің хабарлауынша, уланғандардың екеуі ауыр халде жатыр. Төрт науқастың жағдайы қалыпқа келген. Қазір ату барысында қандай газ қолданылғаны анықталып жатыр.
Firat күрд агенттігі Африндегі дәрігерлер түрік әскерилері және түрік тарабында соғысып жатқан «Сирия еркін әскері» жұмадағы қақтығыста хлор қолданған деп мәлімдеген.
SANA хабарлағандай, түрік тарабынан жасалған әскери шабуылдар және бомбалау салдарынан онға жуық адам жер құшқан, олардың көбі бейбіт тұрғындар – әйелдер мен балалар.
Еске салсақ,20 қаңтар Түрік әскерилер Бас штабы ресми Анкара лаңкестер деп санайтын Африндегі күрд қарулы жасақатарына қарсы “Зәйтүн сабағы” операциясын бастағанын мәлімдеді. Сирияның солтүстігінде қоныс тепкен күрд тұрғындары түрік тарабының шабуылдарына наразылық білдірді. Ал Дамаск Анкараны күрдтер қарсы күрескен лаңкестерді қолдауда деп айыптады. Өз кезегінде Дамаск Сирияның Африна аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын басқындық актісі ретінде қабылдайтынын мәлімдеп, Анкараға қатаң ескерту жасаған еді.