Венесуэла теңіз шекараларын жапты

0
89

Венесуэла үкіметі Кариб аралдарымен арадағы теңіз шекараларын жапты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Ресми Каракас мұндай қадамға барудың себебін әлі түсіндірмеді. Дегенмен дәл осы аралдар арқылы оппозиция тарапы елге әлеуметтік көмек кіргізеді. Ал, Венесуэла президенті Мадуро Гуайдоны қолдап отырған АҚШ тарапының көмегін қабылдауға үзілді-кесілді қарсы.

Айта кетейік, қаңтар айының соңында оппозиция көшбасшысы өзін өзі уақытша ел президенті етіп жариялаған еді. Ол мыңдаған халықтың алдында шынайы сайлау өткізу үшін президенттік міндеттерді атқаратынын айтып, уәде берген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз