Владимир Зеленский 16 ақпанды украиналықтардың бірігу күні деп жариялады

0
268
Сурет: Vedmochka.net

Украина президенті Владимир Зеленский халқына видеоүндеу жолдап, 16 ақпанды украиналықтардың бірігу күні деп хабарлады. Бұл туралы президент Facebook парақшасында жариялады.

“Бізге 16 ақпанда шабуыл жасалатыны хабарланды. Ал, біз ол күнді бірігу күні деп жарияладық. Жарлыққа қазірдің өзінде қол қойылды. Біз мемлекеттік туды барлық жерге іліп, көк-сары лента тағып, бірлігімізді әлемге паш етеміз”- делінген президент парақшасында.

Бұдан бөлек Зеленский жақында елден кеткен мемлекеттік шенеуніктерді, саясаткерлер мен бизнес иелерін елге оралуға шақырды. Олардың елге оралуы үшін 24 сағаттары бар екенінде айтты. АҚШ, Ұлыбритания және басқа да батыс елдері өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берген соң демалыс күндері депутаттар мен ірі кәсіпкерлер де елден қашып кеткенін шетелдік БАҚ хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз