Еуропаға ағылатын заңсыз босқындармен күрес үшін Сахара шөліне қорған тұрғызу қажет. Ақ үй басшысы Трамп Испания сыртқы істер министрі Жоззеп Боррельге осындай ұсыныс білдірді.
Испан министрінің сөзінше Сахараға қорған тұрғызу шекараға заңсыз енетін босқындар мәселесін шешпейді. Дегенмен алдағы 20 жылда Африка халқының санының өсуі бұл мәселеде түйінді шешім шығаруды талап етіп отыр, деп хабарлайды РБК. Бұдан өзге Боррель Италия ел аумағына енетін босқындардың санын қысқарта беретін болса, Еуропа “алпауыт дағдарысқа” ұшырайды деп қауіптенетінін де жасырмады.
Мәселен, осы жылдың басынан бері Еуропа жағалауларына шамамен 90 мың босқын жектен. Өткен жылы бұл көрсеткіш екі есе артық болған еді. Бұған дейін АҚШ миграция саясатына бірқатар шектеулер енгізітенін жариялаған еді. Трамптың өзі босқындарға байланысты саясатта Мексиканы айыптап, “Мексика мигранттардың АҚШ-тың оңтүстігіне еніп әрі қарай ел аумағына кіруге шекті түрде кедергі келтірмейді”, – деп жазды. Мексика арқылы ағылған босқындар Ақ үй басшысының сөзінше, көші-қон мәселелерін реттейтін АҚШ-тың “заңдарын аяққа таптауда”.
Сафина Саид