Зейнетақыдан бас тартқан әлемдегі ең кедей президент

0
120

Әлемдегі ең кедей президент атанған Уругвайдың бұрынғы президенті Хосе Мухика сенатор зейнетақысынан бас тартты.  

Мухика 2010-2015 жылдары Уругвайдың президенті болды, кейін елдің Сенатына сайланды. Мерзімі 2020 жылға дейін болса да, ол тамызда қызметінен босату туралы өтініш жазды. The Telegraph ақпаратына сәйкес экс-президент өз әрекетін “ұзақ жолдан шаршағанымен” түсіндірді. Сыншылардың пікірінше, ол президенттік сайлауға қатысу үшін сенаторлықтан кетті – Уругвайда мемлекет басшысын сайлау 2019 жылы өтеді. 83 жастағы Мухика 14 жыл түрмеде отырған. Ол Монтевидео төңірегіндегі күтушісі жоқ, су тартылмаған жерде тұрады. Президент кезінде ол президент сарайында тұрудан бас тартқан және еңбекақысының көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсаған. Президент лауазымында жүрсе де оның атында тек 1987 жылғы Volkswagen Beetle көлігі болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз