24 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Украина аумағында жағдайдың ушығуына байланысты соғыс жағдайын енгізгенін хабарлады.
Владимир Зеленский Facebook әлеуметтік парақшасында украиналықтарға ел аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін хабарлады. Бұдан бөлек Зеленский халықты сабырға шақырып, үйлерінде қалуларын айтты.