Жаһан турасында ең қызықты он факт

0
189
дереккөзден
Жер шары сан алуан. Әлі күнге дейін адамзат жауабын білмейтін табиғаттың құпия сырлары жетерлік. Kazaknews.kz жаһан турасында он қызықты географиялық факт ұсынады.
  1. Голландия – Нидерландының құрамындағы провинция, XVI-XVIII ғасырларда мемлекеттің саяси және экономикалық орталығы болған. Сол уақыттан бастап провинцияның мемлекет аумағындағы рөлінің артқаны сонша, Нидерланды Голландия деп атала бастады.
  2. Әлемдегі ең көне қала – Сирия Араб Республикасының астанасы – Дамаск. Дамаск біздің дәуірімізге дейінгі 753 жылы Рим патшалығы құрылғанға дейін бірнеше мың жыл бұрын негізі қаланған.
  3. Жапониядағы көшелердің атауы жоқ.
  4. Персия 1935 жылы Иран деп өзгертілді.
  5. Ливан аумағында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы жалғыз мемлекет.
  6. Біріккен Ұлттар Ұйымының университеті Токиода орналасқан.
  7. Таиландта әлі күнге дейін тамақ ішкенде шаңышқыны қолдану әдепсіздік деп саналады. Шаңышқы тек тамақты екінші ыдысқа салғанда ғана қолданылады.
  8. Әлемдегі ең суық астана – Ұлан-Батор (Моңғолия).
  9. Жапония аумағында 17 ояу жанартау бар.
  10. Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.

 

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз