Жапонияда 5,6, 7 баллдық жер сілкінісі болып, Цунами қаупі жарияланды

0
44

Жапонияның орталығында және батысында 5,6, 7 баллдық жер сілкінісі болды. 

Күшті жер асты дүмпулері Осака мен Киотода сезілді. Жапонияның метеорологиялық агенттігі Исикава, Ниигата және Тояма префектураларының батыс жағалау аудандарында цунами қаупі туралы ескерту жасады. Толқын биіктігі 5 метрге жетуі мүмкін.

Дегенмен, құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Тұрғындарды лезде жағалау аймағын тастап кетуге немесе ғимараттардың шатырына шығуға шақырып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз