Ғаламшардың ең қарт тұрғыны, жапониялық Тиё Мияко 117 жасында Иокогама қаласында өмірден озды. Бұл жайында Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігіне сілтеме жасап ТАСС мәлімдеді.
Тиё Мияко 1901 жылғы 2 мамырда дүниеге келген. Енді оның жерлесі, 1903 жылдың 2 қаңтарында дүниеге келген Канэ Танаке (әжей) әлемдегі ең қарт адамға айналды.