Жарты жылда Ресейден 419 мың адам кеткен. Былтырдың осы мерзімінде елден кеткендер саны бұдан екі есе аз болған. Бұл жөнінде Ресей статистика қызметіне сілтеме жасап РБК басылымы жазды.
Елден кеткендердің 80 мыңға жуығы Украинаға, 58 мыңнан астама Тәжікстанға, 49 мыңы Арменияға, 47 мыңға жуығы Қырғызстанға, 41 мыңға жуыға Қазақстанға, 38 мыңнан астама Өзбекстанға кеткен. Постсоветтік аумақтан тысқары елдер арасында Қытайға 7 мыңға жуық, Вьетнамға 5 мыңнан аса және Үндістанға 4 мың орыс азаматы барған.
Осы жылдың басынан бері Ресейден ТМД елдеріне 368 мың адам кетіп, Ресейге 294 мың адам келген. Ал алыс шетелге 50 адам кетіп, ол жақтан 27 мың адам келген. Сонда кеткендер саны келгендер санынан 97 мың адамға көп. Былтыр осы мерзімде келгендер кеткендерден 114 мың адамға көп болған.
Ресей статистика қызметінің дерегінше, жыл басынан бері Ресей халқының саны 480 600 адамға азайған. Қайтыс болғандар саны дүниеге келген нәрестелер санынан 384 мыңға артық болған. Былтыр бұл көрсеткіш 422 мың шамасында болған. Ресей бұл статистикаға аннексияланған Қырымды да қосады.