Білім және ғылым министрлігі “Болашақ” стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларын жариялады.
- Басым мамандықтар еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып таңдалады;
- Үміткер алдымен шетелдік жоғары оқу орнына түсуге және одан шақыру алуға тиіс;
- Болашақтықтар халықаралық рейтинг үздігіндегі шетелдік ЖОО-ға ғана жіберіледі;
- Тағылымдамадан өту үшін ғылыми орталықтар мен зертханаларға баруға болады, ғалымдар үшін стипендиялардың жекелеген саны қарастырылған;
- GPA талабы тоқтатылады;
- Үміткер 6 турдың орнына 3 турдан (кешенді тестілеу, ТСК және республикалық комиссия) өтеді;
- Шет тілінен тест тапсырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді меңгергендігін Қазтест сертификаты растайды;
- Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің саны 3-тен 5-ке дейін артады, үміткерлермен әңгімелесу автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі;
- Ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер үшін Қазақстанда алдын ала тілдік дайындық өткізіледі
- Барлық квоталық санаттар жойылды.
- Атап өтейік, Қазақстан үкіметінің осы жылдың 6 мамырындағы №271 қаулысымен “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және “Болашақ” халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау ережесіне өзгерістер енгізілді.