“Болашақ” стипендиясының үміткерлері ескеруі тиіс 10 қағида

0
58

Білім және ғылым министрлігі “Болашақ” стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларын жариялады.

  1. Басым мамандықтар еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып таңдалады;
  2. Үміткер алдымен шетелдік жоғары оқу орнына түсуге және одан шақыру алуға тиіс;
  3. Болашақтықтар халықаралық рейтинг үздігіндегі шетелдік ЖОО-ға ғана жіберіледі;
  4. Тағылымдамадан өту үшін ғылыми орталықтар мен зертханаларға баруға болады, ғалымдар үшін стипендиялардың жекелеген саны қарастырылған;
  5. GPA талабы тоқтатылады;
  6. Үміткер 6 турдың орнына 3 турдан (кешенді тестілеу, ТСК және республикалық комиссия) өтеді;
  7. Шет тілінен тест тапсырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді меңгергендігін Қазтест сертификаты растайды;
  8. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің саны 3-тен 5-ке дейін артады, үміткерлермен әңгімелесу автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі;
  9. Ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер үшін Қазақстанда алдын ала тілдік дайындық өткізіледі
  10. Барлық квоталық санаттар жойылды.
  • Атап өтейік, Қазақстан үкіметінің осы жылдың 6 мамырындағы №271 қаулысымен “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және “Болашақ” халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау ережесіне өзгерістер енгізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз