Әлемде ең көп ақы төленетін YouTube блогері – Ryan ToysReview арнасының авторы, Райан (Ryan) атты жеті жасар бала атанды. Бұл видеохостингтің ең бай өкілдерінің рейтингі Forbes басылымында жарияланғаннан кейін белгілі болды.
Райан балаларға арналған ойыншықтарын таныстырумен танымал болды. 2017 жылдың 1 маусымынан бастап 2018 жылдың жазына дейін Райан серіктестері мен жарнама берушілердің есептеуіне сәйкес 22 миллион доллар тапқан. Ryan ToysReview арнасының 17 миллион көрермені бар.
Ең бай блогерлер рейтингінде екінші орында Логан Полдың інісі Джейк тұр. Ол биыл 21,5 миллион доллар пайда көрген. Оның видеолары 3,5 миллиардтан аса көрілген. Былтыр Логан Палдың табысы 14,5 миллион доллар ғана шығып рейтингте соңғы, оныншы орынға жайғасқан болатын. Бұл блогер өзін-өзі өлтірген адам денесінің видеосын жариялағаннан кейін шыққан жанжалға байланысты болды. YouTube әкімшілігі Полдың арнасына ірі жарнама берушілермен серіктестік орнатуға тыйым салды.
Әлемдегі ең танымал блогер PewDiePie (Феликс Чельберг) 15,5 миллион доллар табыспен сегізінші орынды иеленді. Сондай-ақ Forbes тізіміне геймер DanTDM, бет әрлеуші Jeffree Star және видеоойындар комментаторы Jacksepticeyе сияқты YouTube-тың танымалдары кірді. Бұдан бұрын PewDiePie лақап атымен белгілі Феликс Челберг T-Series блогы оны көрермендердің саны бойынша басып озатынын айтқан. Ол қарсыласына соғыс жариялап, ізбасарларын үлкен армия құруға шақырды.
Төменде Райанның “Ғарышкерлер неге арнайы киім киеді?” атты видеосын тамашалай аласыз.