Елорда жастарына 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі

0
118

Елордада бизнес идеяларды іске асыруға берілетін өтеусіз грантқа өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды kazaknews.kz

«Биылғы жаңашылдықтардың бірі – жастар үшін 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін шағын несие беру көзделген. Сонымен қатар, кәсіптік біліктілікті арттыру мақсатында бір реттік ваучерлер қызметі ұсынылады. 20 ақпаннан бизнес идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттарды алуға өтінімдер қабылдау басталды», – деді Ерлан Жүсіпов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бизнес идеялар грантына өтінім business.enbek.kz сайтында онлайн қабылданады.

«Биыл әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын 132 адамға грант бөлу жоспарланып отыр. Гранттар өзіндік бизнес идеясы бар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көп балалы отбасылар және мемлекеттен жәрдемақы алушылар, сол сияқты асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушыларға беріледі. Сонымен қатар, гранттарды бөлу «қандас» мәртебесі бар тұлғаларға, еңбекке жарамды мүгедек жандарға және мүгедек бала тәрбиелеп отырған азаматтарға қарастырылған», – дейді спикер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз