Сингапурлік компания Түркістандағы кеспе өндіретін зауытты 15 млн долларға сатып алды

0
41

“CG Corp Global” атты Сингапурлік трансұлттық корпорация Түркістан облысындағы жедел әзірленетін кеспе өндіретін Lotus зауытын сатып алды.

ҚР инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша корпорацияның басшысы Бинода Чаудхари Қазығұрт ауданын аралады. Толықтай сатып алынған соң зауыттың өндіріс қуатын арттырып халықаралық стандартқа сай сапаны енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, өндіріс аймағынан тағам дәмдеуіштерін шығаруға арналған желі іске қосылады.
Бүгінде зауытта 22 адам қызмет атқарып жатыр. Келісімшарт толық біткен соң жұмысшылар саны 150 адамға артпақшы.

“Біз жыл сайын әлемдік стандартқа сай келетін 2 млрд дана өнім шығарамыз. Қазақстан Орталық Азиядағы ең қолайлы өлке. Себебі мұндағы ұн өте сапалы. Біздің ойымызша осында өндірілген өнімді Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттау барлық жағынан тиімді болар еді”, – деді компания өкілі Бриж Лодха.

Жобаның жалпы құны 15 млн доллар. Жаңа өнім “Wai-Wai noodles” брендімен таралатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз