26 қыркүйек күні үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда кейбір ауылдық аймақтарда әлі күнге дейін инфрақұрылым мәселесі шешілмеген.
«Медициналық объектілердің инфрақұрылымы әлі де жеткіліксіз. 200-ден астам ауылдық елді мекендерде медициналық объектілер жоқ. Ғимараттардың тозуы 56 пайыз. Медициналық техникамен жарақтандыру 50 пайызды құрайды», – дейді министр.
Бұдан бөлек министрдің айтуынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған. Оның ең көп саны Жетісу, Алматы, Жамбыл облысы және Шымкент қаласында байқалады.
Ал, министрлік ұсынған зерттеу нәтижесінде зиян әдеттер бойынша ересек тұрғындардың 21 пайызы темекі тартады, балалардың 20 пайызы денедегі артық салмақ, 6 пайызы семіздіктен зардап шегеді. Онымен қоса 11-15 жастағы жасөспірімдер арасында вэйпты(электронды темекі) тұрақты түрде шегу 10 пайызды, энергетикалық және тәтті сусынды ішу 17,5 пайызды құрайды.
Бұл мәселелерді шешу бойынша министрлік кешенді жоспар әзірлеген.
Оқи отырыңыз: Энергетикалық сусындар қаншалықты қауіпті? Әлде мұның бәрі аңыз ба?