Азия ойындарында Қазақстан алғашқы алтынға ие болды  

0
97
Әсем Орынбай

Қазақстан командасы Ханчжоуда өткен XIX Азия ойындарында алғашқы алтын медаль жеңіп алды. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанды.

Айта кетейік, отандық мергендер бірінші орынға ие болып қана қоймай, жалпы 350 балл жинап, Азиада рекордын орнатты. Олар Қытай (348 ұпай) және Таиланд (342 ұпай) командаларынан озып кетті.

Ұпайлар саны
Ольга Панарина
Зоя Кравченко

Енді Қазақстан қоржынында жалпы 10 жүлде бар. Қоржындағы медаль бойынша қазіргі таңда бір алтын, екі күміс және жеті қола бар.

Алтын – Стенд ату «Скит» әйелдер құрамасы

Күміс – Дзюдо – Әбиба Әбужақынова,
Нысана көздеуден ерлер құрамасы

Қола – Жылдам атылатын тапанша – Никита Чирюкин,

Пневматикалық мылтық ату – Ислам Сәтбаев, Александра Ле,

Дзюдо – Мағжан Шамшадин,

Дзюдо – Эсмигүл Күйлова,

Дзюдо – Абылайхан Жұбаназар

Дзюдо – Нұрлыхан Шархан

Семсерлесу – Эльмир Әлімжанов

Азия ойындары 23 қыркүйекте басталып, 8 қазанда аяқталады. Жазғы 19-шы Азия ойындарында барлығы 474 медаль жиынтығы ойналады, оның 381-і олимпиадалық спорт түрлерінен, 93-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен. Жарыс 61 спорттық пән бойынша өтеді, оның ішінде 45 – олимпиадалық, 16 – олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз