Қарақұмық, экобидай: Қазақстан мен Германия тауар айналымы 2,76 млрд теңгені құрайды

0
200
фото: gov.kz

20 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада күтіп алды. Осы аралықта вице-премьер министр журналистерге сұхбат беріп үлгерді, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың мемлекеттері арасында Германияның Қазақстанмен тауар айналымын есептесек, 4 орында тұр. Жалпы сомасы 2,76 млрд АҚШ долларын құрайды.

«Оның ішінде 500 миллион Қазақстанның экспорты, 2,2 миллиард Германияның Қазақстанға экспорты», – дейді министр.

Министр, Германиядан Қазақстанға жоғары сапалы дайын өнім келетінін, ал тиісінше Қазақстаннан мұнай, ферроқорытпа, шикізаттар және соңғы кездері ауылшаруашылық тауарларының да экспорты көбейіп жатқанын айтты. Оның ішінде биыл Германияға қарақұмық және экобидай жіберілген.

«Бұл, Қазақстанның тауар айналымының болашағы болады деп есептейміз», – дейді вице-премьер Серік Жұманғарин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз