Арабтар Қазақстанға 2,2 млрд доллар инвестиция құяды

0
1,037
Photo: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапарында 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды. Құжат нәтижесінде БАӘ Қазақстанға 2,2 млрд доллар инвестиция құяды.

Қазақстан мен БАӘ арасында құс фабрикалары мен сүт-тауар фермаларын салу, жемістер мен саңырауқұлақтарды өндіру және өңдеу, ТМК және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық, Екібастұз қаласының өнеркәсіптік аймағында Индустриялық парк құру, Шығыс Қазақстан облысында “Қатонқарағай” туристік кешенін құру, сондай-ақ Қазақстанда электромобильдер компоненттері өндірісін ашу бойынша бірлескен жобаларды іске асырмақ.

Премьер-министр сайты таратқан ақпаратта БАӘ Қарағанды облысында сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды іске асыруға қатысады және бұл жобалар озық технологияларды беруді және кейіннен Қазақстанда өндірісті жергіліктендіруді көздейтіні жазылған.

АӨК жобаларын қаржыландыру үшін Қазақстан мен БАӘ жалпы капиталы $100 млн болатын бірлескен қор құруға ниетті.

АХҚО алаңында “E-Banking” саласындағы ынтымақтастық дамытпақ.

Екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту аясында әмірліктің “Wizz Air Abu Dhabi” лоукостері биылғы мамыр айында “Абу-Даби – Алматы” және “Абу-Даби – Нұр-Сұлтан” бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар әуе тасымалын бастайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз