Моңғолияда шаңды дауылдан жоғалған 81 адам іздестіріліп жатыр

0
4,931
Photo: video grab

Моңғолияны Дундгов облысында соққан қатты шаңды дауылдан бес бақташы және бір бала қайтыс болды. Бұл туралы дүйсенбіде елдің елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына сілтеме жасап Орталық Азия медиа агенттігі хабарлады.

Департаменттің мәлімдемесінде сенбіден дүйсенбі таңертеңгі уақытқа дейін елдің тоғыз облысынан 548 жоғалған адам туралы хабар түскені айтылған.

Қазіргі уақытта 467 адам табылды, құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткен 81 адамды іздестіріп жатыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, дауылдан Батыс Моңғолияның кей жерлерінде апта соңы жарық сөнген.

Құмды дауыл көршілес Қытайдың солтүстігіндеге алқаптарында да болды. Пекинде дүйсенбіде онжылдықтағы ең үлкен құмды дауыл тіркелген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз