2018 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясында доллардың орташа бағамы 320,11 теңгені құрады. 6 сәуірдегі (319,68 теңге/$1) таңертеңгілік сессиямен салыстырғанда ұлттық валютаның долларға шаққандағы құны 0,43 теңгеге құнсызданды. Бұл туралы kapital.kz хабарлайды.
KASE таратқан ақпарға сәйкес, АҚШ долларының таңертеңгілік сессиясындағы саталымында ең төменгі мөлшерлемесі бір АҚШ доллары үшін 319,82 теңге, ең жоғары – 320,70 теңге, жабу бағамы бір доллар үшін 320,15 теңгені құрады. Доллар бойынша тауар көлемі 85 млн 900 мың теңгені құрады. Валюта операциялары бойынша мәмілелер саны – 173.
Астанадағы валюта айырбастау пунктерінде Америка валютасының шекті сату бағамы 11.00-де 322 теңгені, Алматыда – 321,5 теңгені құрады.
Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.