Трамп сауда дауында Қытайды айыптады

0
57
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды АҚШ-пен сауда жүргізуде «әділетсіздікке» қатысты айыптап, Бейжіңнен сауда кедергілерін жоюды талап етті.

АҚШ-тың Қытаймен 40 жыл бойы сауда профициті (кірістің шығыстан артылуы-ред) болмағанын айтқан Трамп «Олар (Қытай-ред) әділетсіз сауданы тоқтатып, кедергілерді жойып, тек өзара салықтарды ғана алып отыруы қажет», – деп жазады Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. АҚШ-тың жылына 500 млрд доллар жоғалтатынын, ондаған жылдар бойы миллиардтардан айырылып келе жатқанын алға тартқан Трамп «Мұның жалғасуы мүмкін емес!», – деп жазады Twitter-дегі парақшасында.


Еске салсақ, наурыз айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамп «Қытайдың экономикалық агрессиясына қарсы күрес» меморандумына қол қойды. Аталған меморандум Қытайда өндірілетін тауарлар мен өнімдерге шектеу қояды. Трамптың айтуынша, бұл бастама Бейжіңге 60 миллиард доллар көлемінде бағаланбақ. АҚШ президентінің жарлығына сәйкес, болатқа импорттық баж салығы 25 пайызға, алюминиге 10 пайызға енгізілді.

1 сәуірде Қытай өз қызығушылықтарын сақтау және шығын көлеміне өтемақы мақсатында 128 АҚШ тауарына салық енгізді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз