Салықтар мен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде қосымша арқылы есептеледі

0
252
photo: inform.kz

«E-Salyq Business» телефон қосымшасында кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу жүзеге асырылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.

Бұл белгілі бір дағдылары мен бухгалтері жоқ кәсіпкер үшін салықтар мен төлемдерді есептеу кезінде қиындықтарды болдырмайтын негізгі функционал.

“Кәсіпкердің салық міндеттемелерін есептеу қосымшада көрсетілген кірістер негізде жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін кәсіпкер профилінде кірістердің мөлшерін көрсетеді. Осы модуль азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша жеке тұлғалардың міндеттемелерін есептеу үшін қолданылады. Есептелген міндеттемелерді кәсіпкер қосымшаның шет жағындағы мәзірінің «Салықтар» бөлігінде көре алады. Төлеуге ыңғайлы болу үшін нәтижелер әр ай үшін бөлек көрсетіледі. Бұл бөлімде бірден салық төлеуге болады”, – деді Панбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз