ІІМ халықтан қарулар мен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша акция өткізеді

0
253
photo: ukazi.ru

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында Ішкі істер министрлігі 25 сәуірден бастап халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өткізуде. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы 10-нан 100-ге дейінгі *АЕК көлемінде төлем көзделген.

Акцияның алғашқы күні полицияға ерікті түрде 109 атыс қаруы тапсырылған. Соның ішінде 20 шолақ мылтық, 88 тегіс ұңғылы, бір травматикалық және шолақ мылтыққа арналған 3,5 мың оқ-дәрі тапсырылды.

Қару-жарақ заттарды қабылдау әрбір аумақтық полиция органдарында жүргізілетін болады.

“Жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай іс-қимыл жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы кез келген полиция бөлімшесіне, оның ішінде 102 нөміріне немесе 112 нөміріне телефон арқылы хабарлауды сұраймыз. Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады”, – дейді ведомствода.

 *1 АЕК – 3 180 теңге

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз