“Самұрық-Қазына” АҚ “Сарыарқа” газ құбыры магистралін қаржыландырады

0
51
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және "Самұрық-Қазына" АҚ төрағасы Ахметжан Есімов. Сурет: Ақорда

“Самұрық-Қазына” акционерлік қоғамы “Сарыарқа” газ құбыры магистралін салу жұмыстарын қаржыландыруға ат салысады. Бұл туралы 20 ақпан күні Назарбаевтың қабылдауында  “СамұрықҚазына” АҚ басқарма төрағасы А.Есімов мәлімдеді.

Кездесуде Қазақстан Президентіне “Самұрық-Қазына” акционерлік қоғамының 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев “Самұрық-Қазына” акционерлік қоғамы қызметінің негізгі көрсеткіші жақсы екенін айтты.

– Қор қызметінің қорытындылары басқа жылдармен салыстырғанда өте жақсы. Акционерлік қоғамның барлық компаниялары жылды табысты аяқтап, кірістерін арттыра түсті. Сонымен қатар, Қордың басқару деңгейлері жоспарлы түрде оңтайландырылды, – деді Елбасы.

А.Есімов Мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру барысы, “Қазақтелеком” және “Air Astana” компанияларын IPO-ға шығару жоспары жөнінде мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз