Елбасы Сауд Арабиясы королімен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

0
128
Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесіп екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін танытты.
Атап айтқанда, атом және баламалы энергетика саласындағы, сондай-ақ Қазақстанда мұнай мен газды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар әлемдік мұнай нарығындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, мұнай экспорттаушы елдер рөлінің маңызды екенін атап өтті.

Екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты.


Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Королдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1994 жылғы 30-сәуірде орнады.

Қазақстанның Рияд қаласындағы Елшілігі 1995 жылғы 13-желтоқсанда ашылған болатын. 2007 жылғы 28-желтоқсаннан бері ҚР Жидда қаласындағы консулдығы жұмыс істеп келеді.

САК-тың Қазастандағы Елшілігі 1997 жылғы наурыздан бастап жұмыс істейді. Сауд Арабиясы Королдігі араб және мұсылман мемлекеттерінің алғашқыларының қатарында болып 1991 жылғы 30-желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың негізі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылы Сауд Арабиясына жасаған ресми сапары барысында қаланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз