Теңге неліктен әлсіреді?

0
98

2018 жылғы 9 тамызда теңге бағамы өткен күнмен салыстырғанда бір АҚШ доллары үшін 354,06 теңге деңгейіне дейін немесе 1,6 пайызға әлсіреді. Ұлттық банк таратқан ақпаратқа сүйенсек бұл Ресейге қатысты санкцияларды қатаңдату тәуекелдерінің күшеюі және мұнай бағасының төмендеуі аясында рубльдің құнсыздануының салдарынан болған. 

«Қазіргі уақытта бағамның белгіленуі Ұлттық банктің қатысуынсыз жүріп жатыр. Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалға үнемі мониторинг жүргізіп отыр және қажет болған жағдайда теңге бағамының айтарлықтай және тұрақсыздық тудыратын қысқа мерзімді ауытқуларын реттеуге бағытталған өктемдіктерді жүзеге асыруға дайын», – деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз