Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында Kaspi.kz басшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдап NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шығуымен құттықтады.
“Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspi.kz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған. Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды айтулы жетістігімен құттықтады.”, – делінген Ақорда баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланған.