25 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті күштері Орал қаласында діни радикалды топты құрықтады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпарға сәйкес, радикалды топтың 8 мүшесі құрықталып, олардан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленген.
Ұсталған азаматтар Қазақстан аумағында бірқатар лаңкестік әрекеттер жасауға ниеттелуде, лаңкестікке үгіттеуде және мүліктік қылмыста айыпталды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.