“Шұғыла” қоғамдық қоры туралы не білеміз?

0
597
"Шұғыла" қоғамдық қорының мұрындық болуымен Нұр-Сұлтан қаласына келген 1000 оттегі концентраторы.

3 желтоқсан күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинге “Шұғыла” қоғамдық қорының құрылтайшысы Мейірхан Әбдірахманов қайырымдылық қорының атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.  

Қор құрылтайшысы ұйымның негізгі жобаларына тоқталып өтті. 

“Береке” – азық-түлік таратуға бағытталған жоба. Ең қажет – ұн, май, қант, шай сияқты ұзақ  сақталатын азық-түлік үлестіріледі. Еріктілер жылына шамамен үш-төрт рет тізімдегі отбасыларға таратып шығады.

“Береке” жобасындағы маңызды дүние мұқтаж адамның қуануы ғана емес көмек берушінің әсерленуі. Өз жағдайына шүкір етіп, рухани әсер алуы”, – дейді Әбдірахманов.

“Жылу сыйла” жобасы аясында қыс мезгілінде көмірге ақша таппай қиналған тұрмысы төмен отбасыларға мыңдаған тонна көмір көмір таратылады. Қор кейінгі 5 жылда 3 миллион 600 мың тонна көмір таратқан.

“Отбасының отбасыға көмегі” – әлеуметтік дүкен. Бұл жобаға адамдар киюге жарамды киімдерін, тұрмыстық-техникаларды, ойыншықтарды әкеліп тапсырады. Басқа отбасы дүкеннен алты айда бір рет 10-15 келі көлемінде зат ала алады. Дүкеннен күніне шамамен 20 адам өзіне қажетін кетеді. Қор соңғы 3-4 жылда 96 тонна киім таратқан.

“Мектепке жол” жобасы аясында еріктілер жыл сайын балаларын мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ете алмай қиналған отбасыларға көмектеседі. Бұл жоба аясында соңғы 5 жылда 36 миллион теңгеге мектеп жабдықтары таратылған.

ПАНДЕМИЯ ӨРШІГЕН ТҰСТА “ШҰҒЫЛА” ҚОРЫ НЕ ІСТЕДІ?

Қор пандемия кезінде халықпен бірге 450 миллион теңге жинап  4000 жасанды тыныс алу апаратын алған. Қазақстанның 380 медициналық мекемесіне бұл аппараттарды шілде және тамыз айларында таратқан. Сонымен қатар көрші Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанға 60 оттегі концентраторын жіберген.

Қоғамдық қор туралы Shugyla.kz сайтынан толығырақ біле аласыз.

Айта кетейік, осы 2020 жылды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Волонтер жылы” деп жариялаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз