Қазақстанда мемлекет туын балконға ілуге рұқсат етілді

0
297

Парламентте мемлекеттік рәміздер туралы заң қайта қаралып, туды ғимарат ішінде, пәтер балконында және мерекелік іс-шаралар өтетін жерде пайдалануға рұқсат етілді. 

Премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің 2007 жылғы 2 қазан күні қабылданған “Қазақстанның мемлекеттік туын, елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ  әнұран мәтінін пайдалану (белгілеу, орналастыру) ережелерін бекіту туралы” қаулысына өзгеріс енгізіп, туды үйдің балконына және ғимараттарға ілуге заңды түрде рұқсат берді.

Қаулыға сәйкес, Ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы келесідей көрсетілген:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғаларға патриоттық сезімдерін, бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға) болады.

Естеріңізге сала кетейік, президент Тоқаев  27 қазанда мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау жөнінде жазба жариялаған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз