Сенат өзгеріс енгізген заңда Тоқаевқа жаңа өкілеттік берілді

0
110
Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы.

Қазақстан президенті республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен елді мекендердің мәртебесін өзгерте алады. Бұл өкілет Сенаттың “Әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы” заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларында жазылды.

Заңға енгізілген түзетулер:

  • қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдық бөліктеріне жатқызу;
  • облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы халық саны 400 мың адамнан астам болған кезде, оларда аудан құру;
  • аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;
  • Президентке үкіметтің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы шешім қабылдау бойынша өкілеттік беру;
  • Үкіметке Қазақстан президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізу бойынша жаңа құзырет беру;
  • облыстық өкілді және атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныс енгізу бойынша жаңа өкілеттік беру;
  • аудандық маңызы бар қала әкіміне аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізу бойынша өкілеттік беру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз