1 маусымнан бастап Астана әкімдігінің қызметкерлері таксимен жүретін болады

0
108

1 маусымнан бастап Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері «Astana taxi» қызметін пайдаланатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Бектұрова Малика Ерланқызы мәлімдеді.

Малика Ерланқызы Астана қаласы әкімінің орынбасары: Астанада «шенеуніктерді таксиге орырғызу» жобасы белсенді жүргізіліп жатыр. Өткен жылдың соңында және осы жылдың бірінші тоқсанында ол пилоттық жоба ретінде ұйымдастырылған болатын. 1 маусымнан яғни ертеңнен бастап Астана қаласының әкімшілігі таксиге көшетін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз