Үрімшіде (ҚХР) Қазақстанның Бас прокуратурасы және Қытайдың Жоғарғы Халық прокуратурасы өкілдерінің кезекті шекара кездесуі өтті.
Жалпы күштермен елдер арасында өзекті мәселелер бойынша әлеуетті, құқық қорғау және арнайы қызметтердің желісі бойынша стратегиялық серіктестік қалыптасты, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы. Кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, қылмысқа қарсы күрес, оның ішінде терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстандық делегацияның өкілдері қылмыстық істер және сотталғандарды ұстап беру бойынша халықаралық-құқықтық көмек көрсету мәселелерін қарауда жәрдемдескендері үшін шетелдік әріптестерге алғыс білдірді.
Бас прокуратура ақпарына сәйкес, соңғы екі жылда Қытайдан Қазақстанға одан әрі жазаны өтеу үшін қытай соты соттаған 15 қазақстандық көшірілген.
Аталған кездесу екі елдің қадағалау органдарының екінші кездесуі. Біріншісі 2017 жылғы желтоқсанда Алматы қаласында өтті.