2017 жылы 30 журналист өлтірілген – БҰҰ мәлімдемесі

0
71
ашық дереккөзден

БҰҰ-ның арнайы баяндамашылары 2 қарашада атап өтілетін Журналистерге қарсы қылмыс үшін жазасыздықты тоқтатудың Халықаралық күнінде 2017 жылы мақсатты түрде қасақана 30 журналистің өлтірілгенін мәлімдеді. Бұл көбіне жоғары лауазымды шенеуніктердің жек көрініші салдарынан орын алатынын БҰҰ-ның Ақпарат орталығы хабарлады.

«Биыл әлемде мақсатты шабуылдардан 30 журналист қаза тапты», – деп мәлімдеді соттан тыс жазаға кесу мәселесін қаузаған БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Агнес Калламар және пікір білдіру еркіндігі құқығын қорғау туралы ой қозғаған БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Дэвид Кэй.

Спикерлер БАҚ өкілдеріне шабуыл жасау демократия негіздеріне қол сұғушылық екенін атап өтті. Калламар және Кэйдің айтуынша, қудалауға көбіне журналистік зерттеумен айналысып, жемқорлықты тұсаулауға ат салысатын, билікті теріс пайдалануға жол бермейтін журналистер мен блогерлер ілінетінін атап өтті.

Құқық қорғаушылар БАҚ өкілдеріне қарсы барлық қылмыстарды тәуелсіз және әділ тергеуге шақырды. Олар жазасыздықтың зұлымдық тудыратынын ескертті. БҰҰ сарапшылары мұндай қылмыстық әрекеттер кейбір жоғары лауазымды шенеуніктердің жек көрушілігінен жиі туындайтынын алға тартты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз