Перуде жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жолаушылар автобусы жүз метрлік құзға құлап кетті, деп хабарлайды Би-би-си агенттігінің орыс тілді қызметі.
Жол көлік оқиғасы мемлекет астанасы Лима қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Уарал провинциясындағы «Сайтанның бұрылысы» деп аталатын жол қиылысында болған.
Қайғылы оқиға болған жер елдегі ең қауіпті аймақ болып есептеледі.
Апат салдарынан қоғамдық көліктегі 55 жолаушының алтауы ауыр жарақаттанған, 36 кісі қаза тапқан.
Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс жасауда.