Былтыр 40 мыңға жуық жүргізуші куәлігінен айырылған

0
93

2017 жылы 40 мыңға жуық қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2017 жылы одан алдынғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. 2017 жылдың 11 айында 38 мың 530 жүргізуші куәлігінен айрылған болса, 2016 жылы куәлігінен айырылғандар саны 48 мың 915 кісіні құраған.

Сондай-ақ, ведомствоның деректеріне қарағанда, 2017 жылдың алғаш 11 айында 1 миллион 060 мың 744 көлік құралы тіркелген (яки қайта тіркелген).

Жалпы, бүгінгі таңда республика көлемінде 923 автомектеп қызмет жүргізіп келеді, соның 43-і Астана қаласында орналасқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз