Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйлейді

0
66

Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің (ҚК) қаңтар айындағы  талқылауында ядролық қаруды таратпау мәселесі басты тақырып болмақ. Бұл туралы сейсенбі күні Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі, қаңтардағы ҚК-нің төрағасы Қайрат Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды kazaknews.kz БҰҰ жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Елші Қауіпсіздік Кеңесінің алдағы айда атқаратын жұмыстары туралы әңгімелеп, атап айтқанда, 18 қаңтарда Кеңес жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі жоғары деңгейлі тақырыптық брифинг өткізетінін айтты. Брифингке бірқатар елдердің мемлекет басшылары мен министрлері қатысады.

Сонымен қатар бұл брифингте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасайды.

Қ. Омаров 19 қаңтарда ҚК-де ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ауғанстан мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі министрлер деңгейіндегі пікірсайыстарға төрағалық ететінін атап өтті. Отырысқа БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысады. БҰҰ Төрағасы Орталық Азияны өткен жылы сапар жасады. Қазақстан елшісінің айтуынша, ҚК-нің қаңтардағы жұмыс күн тәртібіндегі үшінші маңызды тақырыбы – Таяу Шығыс, соның ішінде Палестина мәселесі болмақ. Қ. Омаров айтқандай, ҚК-нің мүшелері Сирия мәселесін де талқылайтын болады. Ол Сирия бойынша Астана процесінің кезекті отырысы 2017 жылы желтоқсанда өткенін атап өтіп, БҰҰ аталған процесті өнімді деп бағалағанын жеткізді.

Атап өтерлігі, Қазақстан БҰҰ-ға алғашқы рет төрағалық етеді. Қазақстан – сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған тұңғыш Орталық Азиялық ел.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз