Өзбекстан мен Қазақстан арасында 5 қаңтардан бастап Ташкент – Шымкент –Ташкент бағыты бойынша тікелей халықаралық автобус қызметі ашылады, деп хабарлайды Ca-news.
Бағыттың жалпы ұзындығы – 145,2 км, жол жүру уақыты – 3 сағат. Техникалық аялдамаларсыз жол жүруді жүзеге асыру жоспарлануда.
Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында Самарқанд – Ташкент – Астана бағытында халықаралық жүрдек пойыз іске қосылған еді.
Сондай-ақ, Алматы-Ташкент темір жол бағыты ашылған болатын.