ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев КХДР мен Корея Республикасы арасындағы әрекеттестікті оң бағалады.
Қ. Тоқаевтың пікірінше, КХДР мен Корея Республикасы арасындағы байланыс желісін қалпына келтіру түбектегі жағдайды дамытудың оң үрдісі әрі бұл шиеленісті жеңілдету үмітін тудырады. «ХОК Оңтүстік Кореядағы олимпиада солтүстік кореялықтарды қарсы алып дұрыс шешім қабылдады», – деп жазады Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, Оңтүстік Корея КХДР-ға алдағы Пхёнчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына солтүсік кореялық спортшылардың мүмкін қатысуын талқылау үшін 9 қаңтар күні жоғары деңгейдегі келіссөз жасауды ұсынды. Егер Солтүстік Корея тарапы келісетін болса, бұл келіссөздер Пханмунджомдағы демилитаризацияланған аймақта өткізілуі керек.
Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9 және 25 қаңтар аралығында Оңтүстік Кореядағы Пхёнчханда өтеді.