Идлибте терракт: қаза тапқандар саны артты

0
66

Сириядағы Идлиб қаласының Салсин көшесінде екі бірдей автокөлікті лаңкестер жарып жіберді. Жарылыста қаза тапқандардың саны отыздан асты. Бұл туралы РИА агенттігі ливандық «Аль-Маядан» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, бірнеше тонна жарылғыш зат салынған екі бірдей жүк көлігі Салясин көшесінің орталығында орналасқан «Аль-Мири» супермаркетінің жанында жарылыс жасаған.

Қуатты жарылыстың әсерінен 30-дан астам адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алған.

Euronews-тің мәліметінше, жарылыс Кавказдың жүздеген жихадшыларынан тұратын «Аджнад әл-Кавказ» радикал топтарының штабына қарсы бағытталған.

Сонымен қатар, бақылаушылар Ресейлік әуе күштерінің қолдауымен үкімет әскерлері Идлиб провинциясының оңтүстік-шығысындағы Синджар елді мекенін «Джебхат ән-Нусра» лаңкестік ұйымынан босатқандығын хабарлайды.

Сирия әскері өткен жылдың қазан айынан бері Идлибте бірнеше топқа қарсы шабуыл операциясын жүргізіп келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз