Түркияның Трабзон әуежайында Анкарадан ұшып келген жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қара теңізге құлай жаздады. Бұл туралы Еuronews хабарлайды.
Жолаушылар ұшағы Қара теңіз жағалауындағы балшыққа келіп тіреледі. Pegasus әуекомпаниясына тиесілі ұшақтағы 162 жолаушылар мен экипаж мүшелері эвакуацияланды. Апат салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.
Оқиғаға байланысты Трабзон әуежайы уақытша жабық. Қазіргі уақытта оқиға себептері анықталуда.