Африка кенішінде әлемдегі бесінші ірі алмас табылды

0
227
дереккөзден

Әлем тарихындағы ең ірі алмастардың бірі Африканың оңтүстік бөлігінде орналасқан Лесото Корольдігінің Letseng кенішінде табылды. Бұл туралы дүйсенбіде кенішті игеретін Англияның Gem Diamonds Ltd компаниясы хабарлады.

Бағалы тастың массасы 910 каратты құрайды, деп хабарлайды компания.

Түссіз тастың ILA түріне жатады: тастың құрамында азот немесе бор қоспалары жоқ. Әлемдегі мұндай алмас тастардың үлесі 1%-дан аспайды.

Табылған алмас көлемі бойынша әлемдегі ең құнды тастардың бестігіне кірді. Алғашқы төрттікте «Куллинан» (3 106 карат), «Біздің жарық» (1 109 карат), «Эксельсиор» (955 карат), «Сьер-Леонн жұлдызы» (968 карат) сынды атуаларға ие алмас тастар орналасқан.

Gem Diamonds-та мәлімделгендей, тастың бағасы әзірге белгісіз, бірақ шамамен 50 млн АҚШ долларынан асуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз