Назарбаев пен Путин өзекті мәселелер талқылады

0
69

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапарына және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті бастамашы болған сөйлесуде «Қазақстан президенті жақында АҚШ-қа ресми сапарының қорытындылары жөнінде және Дональд Трамппен келіссөздер туралы толығырақ әңгіме өрбітті. Осыны ескере отырып, Ауғанстандағы, Сириядағы, Корей түбегіндегі және Украинадағы жағдайды қоса алғанда, кең ауқымды тақырыптар талқыланды», делінген Кремльдің баспасөз қызметі хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз