ҚР ҚК Талдау бөлімінің меңгерушісі ауысты

0
86
дереккөзден

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Тұқымов Еркін Валитханұлы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Суханов Александр Владимирович Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Еске салсақ, Ақордада ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз