Ливияда лаңкестік жарылыс: 33 адам қаза тапты

0
78

Бензазидегі лаңкестік жарылыстың салдарынан 33 адам қаза тауып, 70-тен астам адам жарақаттанды. Бұл туралы Еuronews хабарлайды.

Ливияның Бенгази қаласындағы ең үлкен мешіттердің бірінің жанында лаңкенстер бомба орналастырылған екі автокөлікті жарып жіберді.

Террорлық шабуыл нәтижесінде Ливия армиясының тергеу бөлімінің бастығы Ахмед әл-Фейтари қайтыс болды.

2011 жылы Бенгази наразылық қозғалысы мен Муаммара Каддафиды құлатуға алып келген азамат соғысының орталығына айналды. Сол жылдардан бастап қала толығымен «Ислам мемлекеті» және ИШИМ террорлық ұйымдарының бақылауында болды. 2017 жылдың жазында ғана Торбуктағы «Шығыс үкіметін» қолдайтын Ливияның генералы Халифа Хафардың ұлттық әскері қаланы лаңкестерден тазартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз