Республиканың батысындағы циклон әсерінен солтүстік және батыс аймақтарда жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтілуде деп хабарлайды Қазгидромет.
Жақын үш тәулікте жауын-шашын қарға ұласады. Циклонның жылжу шамасы бойынша және соның әсерінен республиканың солтүстік-шығысына суық атмсофералық фронттармен байланысты, солтүстік, және шығыс облыстарда қатты қар жауады, батыстан 23-28 м/с ұйытқымалы жел соғады, кейбір жерлерде боран, көктайғақ күтілуде.
Жақын тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде, 25 қазанда оңтүстік-шығысында, жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазірдің өзінде таулы аймақтарда жаңбыр және қар жаууда. Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан 3-5º С төмен, оңтүстік аймақтарда нормаға дейін төмендейді.
Cабина Сайлаубай