31 шілде күні сағат түнгі 03:00-ден бастап кешкі 17:00-ге дейін Қазақстанда телехабар мен радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл туралы Қазтелерадио сайты хабарлады.
31.07.2019 ж. 03:00-ден 17: 00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты), эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстары және жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізілетін болады, делінеді таратылған хабарламада.